Тарихы

« Біздің жастарымызғылым мен білімге ұмтылып,елдің болашағын ойлайтын болса,келешегіміз кемел,тәуелсіздігіміз баянды болады »

«.....Біз бүкіл елімізді әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру 

қызметіне қол жеткізуге тиіспіз....»

Н.Ә.Назарбаев

         Бүгінгі таңда әрбір мемлекеттің алдына қойған мақсаты-тарих сахнасынан орын ала отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылу болса, сол экономикасы жақсы дамыған елдердің басты жетістіктері олардың қазба байлықтарының көптігі немесе жер көлемінің үлкендігінде емес, сондағы байлықты өз орнымен игере білуінде. Бұл қажеттілікті қанағаттандыру үшін білімді, ғылымды дамытуымыз қажет. Болашақ ұрпақтарымыз әлемдік білім деңгейінде өзге елдермен терезесі тең,бәсекелестік дәрежеге жетуі керек.

   Еліміздегі 90 жылдық тарихы бар білім ордасы - И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі. Оқу орны Сыр өңіріндегі іргелі білім ордасы ретінде парасат ұлысына айналып, ауылшаруашылығы мен өндіріске орта буын даярлайтын бірден бір білім ошағы.

        Колледжіміздің тарихы сонау 1930 жылдан бастау алады. 1930 жылы Қазалы зоотехникалық малдәрігерлік техникумы және Қызылорда аграрлық индустриалдық техникумы, кейін  1934 жылы ауылшаруашылық техникумы 1959 жылы Қазалы ауылшаруашылық техникумы болып құрылды. 1971 жылы Қызылорда ауылшаруашылық техникумы 1977 жылы Сырдария ауданындағы «Комсомол» совхозына  біріктіріліп Қызылорда совхоз техникумы аталды.1992 жылы Қызылорда ауылшаруашылық техникумы ал 1996 жылдан Қызылорда ауылшаруашылық колледжі болып өзгертілді.

         Техникалық мамандықтар даярлайтын оқу орындарының бірі- 1947 жылы құрылған Қызылорда мелиоративтік техникумы. 1969 жылы Қызылорда политехникалық техникумы аталып, 1996 жылы Қызылорда политехникалық колледжі болып өзгертілді.

      Теміржол көлік мамандықтарын даярлайтын қара шаңырақтың бірі- 1979 жылы құрылған Қызылорда теміржол көліктері техникумы,1996 жылы Қызылорда көлік колледжі болып қайта аталды.

   Қызылорда аграрлық техникалық колледжі Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1997 жылғы 8 мамырдағы №814 қаулысымен Қызылорда ауылшаруашылық, политехникалық және теміржол колледждерін біріктіру арқылы қайта құрылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 497 30.05.2003 жылғы қаулысына сәйкес Қызылорда аграрлық техникалық колледжіне қоғам қайраткері И.Әбдікәрімовтың есімі берілді. 

      Қызылорда облысының  әкімдігінің № 729 07.03.2017 жылғы Қаулысына сәйкес И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжіне жоғары колледж статусы берілді.

«И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Қызылорда облысы  Білім саласындағы бақылау департаменті  («Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабына сәйкес) бекіткен мамандықтары бойынша жұмыс жасайды. Барлығы 37 мамандық бойынша білім беру лицензиясы алынған. Бүгінгі таңда 29 мамандық бойынша орта буынды мамандар даярлануда. 















И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінде қазіргі таңда оқытылып жатқан мамандықтар:

р/с

Мамандық атауы

Біліктілік  атауы

Ескерту  


0518000 Есеп және аудит (салалар бойынша)

1518033 экономист - бухгалтер

күндізгі оқу бөлім

    2. 

0701000 Геологиялық түсіру, пайдалы қазбалар кен
орындарын іздеу және барлау (түрлері бойынша)

0701073 техник- геолог

күндізгі оқу бөлім

    3.

0809000 Мұнай және газ кен орындарын пайдалану (бейін  бойынша) (дәстүрлі)

0809223 техник-технолог

сырттай оқу бөлім

    4.

0901000 Электр станциялары мен желілерінің электр
жабдықтары (түрлері бойынша)

0900143 техник-электрик

күндізгі оқу бөлім

    5.

0902000 Электрмен қамтамасыз ету (салалары бойынша)

0902033 техник-электрик

күндізгі оқу бөлім

    6.

0906000 Жылу электр станцияларының жылумен қамтамасыз ететін қазандығы мен жылу энергетикалық қондырғылары

0906033 техник энергетик

күндізгі оқу бөлім

    7.

0907000 Техникалық жылу жабдықтары және жылумен қамтамасыз ету жүйелері 

0907033 техник-теплотехник

күндізгі оқу бөлім

    8.

0910000  Электр және электр механикалық жабдықтар (түрлері бойынша)

0910053 техник - электрик

күндізгі оқу бөлім

    9.

1108000 Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану,жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлерібойынша)

1108213 электромеханик

күндізгі оқу бөлім

    10.

1114000 Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)

1114063 техник- механик

күндізгі оқу бөлім

    11.

1201000  Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету,жөндеу және пайдалану

1201123 техник-механик

күндізгі оқу бөлім

    12.

1203000 Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

1203093 тасымалдауды ұйымдастырушы техник

күндізгі оқу бөлім

    13.

1224000 Сүт өнімдерінің өндірісі

1224073 техник-технолог

күндізгі оқу бөлім

    14.

1232000 Шыны талшық және шыныдан жасалатын заттар өндірісі (дуалды)

1232183-техник-технолог

күндізгі оқу бөлім

    15.

1303000 Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару

1303043 электромеханик

күндізгі оқу бөлім

    16.

1304000 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)

1304073 техник

күндізгі оқу бөлім

    17.

1306000 Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша

1306093 байланыс технигі

күндізгі оқу бөлім

    18.

1401000 Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану 

1401213 техник-құрылысшы

күндізгі оқу бөлім

    19.

1405000 «Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану

1405043 газ объектілері құрал-жабдығын пайдалану технигі

күндізгі оқу бөлім

    20.

1406000 Жергілікті, магистральды және желілік құбырларды монтаждау

140604 3 техник - механик

күндізгі оқу бөлім

    21.

1409000 Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы (дәстүрлі)

1409053 техник-жолшы-құрылысшы

сырттай оқу бөлім

    22.

1410000  Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы

1410043 техник-құрылысшы

күндізгі оқу бөлім

    23.

1411000 Көпірлер мен көлік тоннельдері (дәстүрлі)

1411013 техник-құрылысшы

күндізгі оқу бөлім

    24.

1412000 Құрылыс бұйымдары мен құрастырылымдар өндірісі

1412093 техник – технолог 

күндізгі оқу бөлім

    25.

1502000 «Агрономия» (дуалды)

1502033 агроном

1502043 өсімдікті қорғау агрономы

күндізгі оқу бөлім

    26.

1504000 Фермер шаруашылығы (бейін бойынша)

1504113 Фермер

күндізгі оқу бөлім

    27.

1508000 Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшаф құрылысы (түрлері бойынша)

1508063-техник-технолог

күндізгі оқу бөлім

    28.

1509000 Экология және табиғатты қорғау қызметі (түрлері бойынша) (дәстүрлі)

1509043 техник-механик

1509033 техник-гидромелиоратор

күндізгі оқу бөлім

    29.

1513000 «Ветеринария»

1513063 ветеринарлық техник

1513083 ветеринарлық фельдшер-инспектор

күндізгі оқу бөлім


      Колледжімізде тәжірибелі, кәсіби сауатты кадрлық құрамның базасы қалыптасқан. Студенттердің кәсіби білім деңгейін жоғарылату үшін колледжде 178 оқытушы дәріс береді,оның ішінде 70 пайызы жоғары және 1 санатты оқытушылар. Колледжде бір техника ғылымдарының докторы, бір философия ғылымдарының кандидаты, екі ауылшаруашылық ғылымының кандидаты, екі Алтынсарин төс белгісінің иесі, екі Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, екі оқытушы «Үздік педагог-2015», «Үздік педагог-2018»  республикалық конкурстың жүлдегерлері, 26 ғылым магистрлары жұмыс жасайды. 4 оқытушы «Кәсіпқор»холдинг» КЕАҚ штаттан тыс тренері. 17 оқытушы шетелден тағылымдамадан өткен.

Колледждің материалдық-техникалық базасы

   Колледжде 1200 оқушыға арналған 1 оқу ғимараты, 600 студентке арналған  1 оқу ғимараты,   200 орындық жатақханасы, 2 спорт залы, 1 тренажорлы атлетикалық залы, 150 орындық асханасы және 200 орындық акт залы, қазіргі заман талабына сай электронды құралдармен жабдықталған мәжіліс залы,РАБИС бағдарламасымен жұмыс жасайтын, электронды оқу залы жабдықталған кітапханасы және 99 оқу кабинеттері мен зертханалары  бар. 

Колледжде жаңа үлгідегі оқу құралдарымен жабдықталған оқу зертханалары, кабинеттер жұмыс жасайды.

№413 «Ішкі жұқпайтын аурулар»оқу зертханасы «Центрифуга»-сүт және сүт өнімдерін т.б. зерттеуге арналған құрал, «Овоскоп»-жұмыртқаның сапасын анықтауға арналған, тағам өнімдеріне арналған портативті РН-метр,«УЗИ-сканер», интербелсенді тақтамен жабдықталған. №4 «Жылумен қамтамасыздандандыру мен қазандық қондырғылар» оқу зертханасында ТПЖ-010-6ЛР-1 сұйықтық жылу техникасы стендісі бар,онымен студенттер қысым,шығын,температураны өлшейді.№314 Мұнай және газ мамандықтарына байланысты оқу кабинетінде  «МЖГ-02» гидравликалық стендіде дөңгелек құбырдың бойында арынның жоғалуын,қозғалыс режимдерін  анықтайды. №409 Гидромелиорация кабинеті ауа температурасы мен ылғалдылығын анықтайтын МТИ ЭИ-06 лабораториялық құрылғысы және комплексті су тазартатын аппаратпен жабдықталған. Темір өңдеу шеберханасында токарлы-фрезарлы станокта темір кесу,жону жұмыстарын жасайды.№24 «Теміржол жылжымалы автоматты тежегіштері»оқу кабинетінде сенсорлық интербелсенді телевизор арқылы сабақ өткізіледі.    

      Колледжде Рабис бағдарламасымен жұмыс жасайтын және интернет залмен қамтамасыз етілген кітапхана жұмыс жасайды. Қазіргі таңда жалпы кітап қоры 111058 дананы құрайды. Оның ішінде қазақ тілінде 43577 дана, жалпы техникалық пән оқулықтары – 72432 дана.

   «Кәсіпқор»холдингі»КЕАҚ  қолдауымен қазіргі таңда мамандықтарға байланысты шетелдік әдебиеттердің қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен колледж кітапханасының кітап қорын толықтыруда. Барлығы 200 дана оқулықтар алынды.

Жаңа үлгідегі оқу бағдарламаларымен жұмыс жасайтын мамандықтар:

2015-2019 жылдарға арналған  индустриалды инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының сұранысы үшін біліктілігі жоғары мамандарды «нақты даярлауды» қамтамасыз ету мақсатында 10 базалық колледжді анықтады,соның бірі И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі. Колледж  2016-2017 оқу жылынан бастап КЕАҚ «Кәсіпқор» Холдингіне» жаңа үлгідегі оқу бағдарламалары негізінде модульдік оқыту үдерісінің сынақ алаңына төмендегі мамандықтарды ұсынды:

1. 0902000- «Электрмен қамтамасыз ету». 

2. 1304000- «Электрондық есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз- дандыру». 

      Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін «Кәсіпқор»Холдингі» шетелдік колледждердің үздік тәжірибесін есепке ала отырып жаңа үлгідегі оқу бағдарламаларын дайындауға , колледждің 6 арнайы пән  оқытушысын, 3 менеджерді  Беларусь мемлекетіне, кейін 2 ПЦК жетекшісін Астана қаласында  біліктіліктерін көтертуге ықпал жасады. Қазіргі уақытқа дейін колледж бойынша 50  арнайы пән оқытушысы біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Жаңа технологияны енгізу мақсатында «Кәсіпқор» Холдингі» штаттан тыс тренерлер дайындап, колледжден 7 оқытушы, облыс бойынша біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыруда.Нәтижесінде жаңа үлгідегі оқу бағдарламалары дайындалып, «Кәсіпқор» Холдингіне» ұсынылды.

2017–2018 оқу жылында КЕАҚ “Кәсіпқор” холдингі” ұсынған жаңа үлгідегі оқу бағдарламалары негізінде модульдік оқыту үдерісінің сынақ алаңына 10 мамандық  енгізілді: 1513000“Ветеринария”,0902000 – “Электрмен қамтамасыз ету” (салалары бойынша ), 1304000–“Электрондық есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру”(түрлері бойынша),1224000–“Сүт тағамдарының өндірісі”,1410000 – “Автомобиль жолдары мен аэродромдар салу», 1508000–“Орман шаруашылығы, бақ-саябақты және ландшафты құрылыстар”,0907000 – “Техникалық жылу жабдықтары және жылумен жабдықтау жүйелері” (түрлері бойынша), 1303000 – “Теміржол қозғалысында автоматика, телемеханика”,1504000- “Фермер шаруашылығы”1114000 – “Дәнекерлеу ісі” (түрлері бойынша)

2020-2025 жылдарға арналған колледждің стратегиялық жоспары жасалып,облыс әкімінің орынбасары мен жұмыс берушілердің келісіміне сәйкес бекітілді.

«Қолданбалы бакалавриат» дайындау жұмыстары

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі кіші инженерлер «қолданбалы бакалавриат»дайындау жұмыстары жүргізілуде.

  1201000 – «Автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету»   мамандығына студенттер қабылдап,оқытылуда. «Техникалық пәндер» кафедрасы ашылып,кафедра меңгерушісі тағайындалды. 

Дуалды оқыту

2012-2013 оқу жылында дуалды оқытудың эксперименталды алаңына1502000-«Агрономия» мамандығы енген. 2016-2017 оқу жылында дуалды оқыту жүйесі бойынша оқытылатын мамандықтар 1232000-«Шыны талшық және шыныдан жасалған заттар өндірісі».

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық тезникалық жоғары колледжімен Қазақ Ұлттық аграрлық университетімен жасалған келісім-шартқа сәйкес колледж базасында оқу-ғылыми-өндірістік орталығы ашылып,жұмыс жасауда.2016-2017 оқу жылында 5 оқытушы университеттің магистратурасына бюджеттік негізде қабылданып,2017-2018 оқу жылында магистратураны аяқтайды.Құлан ауылшаруашылық колледжінің «Ветеринария»мамандығына,Қазалы көлік-техникалық колледжінің «Теміржол мамандықтары» бойынша Халықаралық Даму банкі бөлген гранттарға алынған зертханалық оқу жабдықтарын бірлесіп пайдалану жөніндегі келісім-шарт жасалып,жыл сайын оқытушылармен студенттер іс-тәжірибеден өтуде.

Колледж жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік бірлестік

  ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 579 бұйрығымен И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінде «Құрылыс және коммуналдық шаруашылық» саласы бойынша 1114000 - «Пісіру ісі», 1403000 «Ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдеткіштерді және  инженерлік жүйелерді монтаждау және пайдалану» , 1404000-«Сумен қамтамасыздандыру және су бұрғыш жүйелерінің тазартқыш ғимараттары», 1420000«Жылыту,кондиционерлеу және желдету», 142000-«Сумен жабдықтау және бұру», 0603000 – «Өнеркәсіптің бұзылмайтын сынақтары және бұзылмайтын сынақтар түрлері» мамандықтары бойынша Республикалық оқу-әдістемелік бірлестік жұмыс жасайды. Осы мамандықтар бойынша жұмыс оқу бағдарламалары дайындап, бекітуге ұсынылды. Бітіруші түлектерді сертификаттау және біліктілік беру үшін арнайы пән оқытушысы Жапахова Гүлнар теориялық және тәжірибелік бағытта тест сұрақтарын дайындады. 140300-«Ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдеткіштерді және  инженерлік жүйелерді монтаждау және пайдалану» мамандығы бойынша жаңартылған типтік жоспарларының бағдарламасына сараптама жасауға жұмысшы тобы құрылып, жұмыс жасайды.

  Колледж білім беру саласында инновациялық бағытта жетілдіріліп,тәжірибе алмасып отыру мақсатында республиканың көптеген алдыңғы қатарлы оқу орындарымен келісім-шарттар,меморандумдар жасаған.

Қазақ Ұлттық аграрлық университетімен келісім-шарт жасап,оқу-ғылыми-өндірістік орталығы құрылды. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетімен, Қорқыт Ата Қызылорда мемлекеттік Университеті мен келісім-шартта студенттерді тәжірибеден өткізу және оқытушыларды тағылымдамадан өткізу мәселелері қаралып,бекітілді. Құлан ауылшаруашылық колледжінің «Ветеринария»мамандығына, Қазалы теміржол көлік колледжінің «Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету» мамандықтары бойыншаХалықаралық Даму банкі бөлген гранттарға алынған зертханалық оқу жабдықтарын бірлесіп пайдалану жөнінде келісім-шарт жасалып,оқытушылар тағылымдамадан, студенттер тәжірибеден өтуде.

      2005 жылы «Кәсіпқор» холдинг» КЕАҚ мекемесімен келісім-шартқа отырып көптеген жұмыстар жасалды. 6 оқытушы, 3 менеджер Беларусь мемлекетінде тағылымдамадан өтті, облыс бойынша жаңа үлгідегі оқу бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарын жүргізу мақсатында штаттан тыс тренерлер дайындады. И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінде өткізілген WorldSkills Kazakstan Ұлттық чемпионатының  колледжішілік, облыстық, аймақтық  іріктеу байқауы нәтижесінде колледж студенттері 2018 жылы 4 құзірет бойынша байқауға қатысты. Нәтижесінде 2 құзіреттілік бойынша республикалық байқауға жолдама алды.


Құзіреттілік атауы

Студент аты-жөні

Оқу тобы

Жүлделі орны

Жетекшісі

1.

«Кірпіш қалау» 

Абдулла Бақытбек Жақыпбекұлы

ПГС-15о

I орын

Каденова Мирамкүл Беркімбайқызы


2.

«Дақылдар мен өнімдердің сапасын анықтау»

Төребеков Асхат Орынбекұлы


АГ-15о

I орын

Жүнісова Несібелі Жүсіпәліқызы


2019 жылы 5 құзіреттілік бойынша облыстық байқауға қатысып, 3 құзіреттілік бойынша республикаға жолдама алды. 

Құзіреттілік атауы

Студент аты-жөні

Оқу тобы

Жүлделі орны

Жетекшісі

1.

«Инженерлік графика CAD»  құзіреттілігі

Қатбаев Тілектес Хамзаұлы

ПСК-17о

I орын

Менликулов Нур Машарапович

2.

«Электромонтаж»  құзіреттілігі

Карабалин Әлмұхаммед Әбілқасымұлы

ЭС-16

I орын

Ломанов Павел 

Анатолиевич

3.

«Плиткамен қаптау»  құзіреттілігі

Іргебай Нұрсұлтан Шакизатұлы

ПСК-17о

I орын

Майханова Кенжегүл Ордашовна


01 желтоқсан 2017 ж. 0 0