» » Мемлекет және қоғам қайраткері

Мемлекет және қоғам қайраткері

Исатай Әбдікәрімов мүсіні


    2020 жылы Қызылорда қаласындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғарғы колледжінің алдына Социалистік Еңбек Ері Исатай Әбдікәрімовтың мүсіні орнатылды. 

        Мүсіннің авторы - Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, мүсінші Жәркен Исмагулов. Мүсін қоладан құйылған. Мүсіннің биіктігі-1,10 м. Тұғырының биіктігі – 2,40 м.

Исатай Әбдікәрімов 1923 жылы 15 мамырда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Өзгент ауылында дүниеге келген.

       1952 жылы Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтын, 1954 жылы КПСС Орталық комитетінің Жоғарғы партия мектебін, 1962 жылы Қызылорда гидротехникумын бітірген.  

Еңбек жолы:

1940 жылы Жаңақорған аудандық «Екпінді» газеті редакциясының әдеби қызметкері;

1946-1948 жылдары Жаңақорған аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы, Қармақшы аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы;

1949 жылы облыстық партия комитетінің аппаратында нұсқаушы, сектор меңгерушісі, облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы;

1953-1955 жылдары облыстық ауыл шаруашылығы басқарамасы бастығының орынбасары, облыстық кеңес атқару комитетінің хатшысы;

1955 жылдан  Шиелі аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, Қармақшы өндірістік басқармасы партия комитетінің хатшысы, Жалағаш аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметттерін атқарған.

1972-1978 жылдары Қызылорда облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы;

1978-1979 жылдары Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президумының төрағасы болған. КПСС ХХІҮ съезінің делегаты, СССР Жоғарға Кеңесінің депутаты болып сайланған.

Марапаттары: 

    Исатай Әбдікәрімов Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған. Екі рет Ленин орденімен, Октябрь революциясы, Құрмет белгісі ордендерімен және СССР медальдарымен марапатталған. Жаңақорған ауданының «ХХ ғасыр Адамы» құрметті атағына ие болған. 2003 жылы Қызылорда қаласындағы аграрлық техникалық жоғары колледжіне қайраткердің есімі берілді.

Шығармалары: 

      1993 жылы «Көп екен көргенімнен көрмегенім» атты кітабы жарық көрді. Исатай Әбдікәрімов 2001 жылы 7 сәуірде өмірден озды.

07 қыркүйек 2020 ж. 0 0