» » Хабарландыру

Хабарландыру

ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР,  АТА-АНАЛАР!

ҚР-да төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығына , сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің 2020 жылғы 14 наурыздағы № 108 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 16 наурызынан бастап И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі қашықтықтан оқыту технологиясына көшті, оның мақсаты білім алушылар мен педагогтардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу.

COVID-19 туындаған тәуекелдерді ескере отырып, біздің  колледждің саясатына сәйкес, біз бірқатар шаралар қолданамыз:

✓ Колледже білім берудің барлық деңгейлері бойынша аудиториялық сабақтар қашықтықтан білім беру платформасын қолдану арқылы жүргізіледі (https://college.snation.kz).
✓ Әр түрлі жағдайларға байланысты жатақханада қалатын студенттер үшін талаптарға сәйкес барлық жағдайлар жасалған.
✓ Online кеңестер мен студенттермен жедел байланыс WhatsApp қолданбасында қолдау көрсетіледі.

Денсаулық сақтау министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың және колледж басшылығының ұсынымдарын және жеке гигиенаның барлық қажетті ережелерін сақтауды сұраймыз.
Баршаңызға денсаулық және түсіністік тілеймін!
16 наурыз 2020 ж. 0 0