» » Колледж директор Абдикаримов Б.Ж. колледж ардагері Арғынғазы Садықұлымен кездесті!

Колледж директор Абдикаримов Б.Ж. колледж ардагері Арғынғазы Садықұлымен кездесті!

90 жылдық тарихы бар облысымыздағы іргелі оқу орны И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің материалдық-техникалық базасының қалыптасуына, қазіргі заманға сай жабдықталып, өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан ардақты ардагер Арғынғазы Садықұлының сіңірген еңбегі ерекше. 

Ондаған жылдар бойы Арғынғазы Садықұлы басқарған Қызылорда политехникалық колледжі сол кездері тек Қазақстанға ғана емес Кеңес Одағына танымал болды. 

Колледждің жаңадан директоры болып тағайындалған физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Абдикаримов Бахытхан Жунайдович бүгін Арғынғазы Садықұлы ағайға сәлем бере барды. Хал-жағдайын біле барған колледж директорына абыз ақсақал алғысын айтып, батасын берді.

Арғынғазы Садықұлы зейнетке шыққаннан кейін де колледждің өміріне белсене араласып, ардагерлер кеңесі төрағасы қызметін абыроймен атқаруда. Әлі де өзінен кейінгі әріптестерімен тәжірибесін бөлісіп жастарға айтар тәлімі мол ағамызға  зор денсаулық тілейміз.

19 қаңтар 2021 ж. 0 0