» » И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі директоры колледж ұжымы және материалдық-техникалық базасымен танысты

И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі директоры колледж ұжымы және материалдық-техникалық базасымен танысты



И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі директоры лауазымына жаңадан тағайындалған физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Абдикаримов Бахытхан Жунайдович колледж ұжымы және материалдық-техникалық базасымен танысты.   1997 жылы облыстағы үш колледждің қосылуымен құрылған екі оқу ғимараты және жатақханадан тұратын оқу орнында «Ауылшаруашылығы және ветеринария мандықтары», «Политехникалық мамандықтары», «Теміржол мамандықтары», «Мұнай-газ және геология мамандықтары» бөлімшелері бар.
      "Жас маман» жобасы бойынша жасақталған оқу кабинеттерімен, зертханалармен танысқан жаңа басшы қазіргі таңда пандемия жағдайына байланысты барлық санитарлық талаптарды ескере отырып, колледждің оқытушы құрамымен де кездесіп, сұхбаттасу барысында көптеген ұсыныстар тыңдалды.
    Бүгінгі қоғамның талабына сай болу үшін, бүгінгі студент – ертеңгі маманның жақсы білім мен тәлім-тәрбие алуы үшін келешекте қандай жұмыстар атқарылуы қажет – деген сұрақтарға кеңінен тоқталды. Ұсыныстар екі сараланып, болашақта саналы азамат, білікті маман дайындауға бағытталған жұмыс жасауға шақырып, оқытушылар құрамына сәттілік тіледі.
21 қаңтар 2021 ж. 0 0