» » «Мамандануға ұмтылудағы бірлік - әлеуметтік серіктестік» тақырыбындағы облыстық конференция өткізілді

«Мамандануға ұмтылудағы бірлік - әлеуметтік серіктестік» тақырыбындағы облыстық конференция өткізілді

    «Ауылшаруашылық және экологиялық пәндер» пәндік әдістемелік комиссиясының «Жарқын елдің болашағы- жас маман» атты апталық аясында 2021 жылдың 28 қаңтарында «Мамандануға ұмтылудағы бірлік - әлеуметтік серіктестік» тақырыбындағы облыстық конференция Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ ғимаратында ұйымдастырылды. Конференция мақсаты: студенттерді оқытуда тәжірибе жағдайында алған білімі мен дағдысы, кәсібилік пен шеберлікті жетілдіру мен бекітуде әлеуметтік серіктестермен байланысты нығайту. Конференцияны колледж директоры физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Абдикаримов Бахытхан Жунайдович ашып, колледжде 2013 жылдан бастап дуалды жүйе бойынша оқыту жүргізілетіндігі,әлеуметтік серіктестер "Жан-Арай" ЖШС және Қазақ күріш шаруашылығы Ғылыми-зерттеу институтымен бірігіп жасалған жұмыстар туралы айтып өтті. Конференцияда мынадай мәселелер талқыланды:

1. Күріш қалдықтарын биочарға өңдеу және топырақ өңдеу құнарлылығын арттыруда қолдану. Баяндамашы Аппазов Н.О.

2. Аймақтың ауылшаруашылығы өндірісін білікті мамандармен қамтамасыз етудің өзекті мәселелері. Баяндамашы Таутенов И.А.

3. Егін шаруашылығын әртараптандыру арқылы ауыспалы егісте күріштің үлесін азайту. Баяндамашы Шермағанбетов К.

4. Күріш егісіне минералды тыңайтқыштарды беру жүйесі. Баяндамашы Тоқтамысов Ә.М.

5. Күріш ауыспалы егісінде суды үнемдеудің және есепке алудың тиімді тәсілдері. Баяндамашы Байманов Ж.Н.

6. Қызылорда өңірінде картоптың отандық сорттарын өсіру технологиясы. Баяндамашы Бегалиев Қ.Б. 

Конференция ұйымдастырушысы және модераторы болып колледж оқытушысы Жүнісова Н.Ж жұмыс жасады




28 қаңтар 2021 ж. 0 0