» » » Кітапхана ережесі

Кітапхана ережесі

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары  колледжі кітапханасын пайдалану  ЕРЕЖЕСІ
13қараша 2017 жылы колледж педагогикалық кеңесінде қаралып, бекітілді.

И.Әбдікәрімов атындағы 
Қызылорда аграрлық техникалық 
колледжінің директоры 
_______________С.Т.Тәуіпбаев
«13» қараша  2017 ж.
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғарыколледжі кітапханасын пайдалану  ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1.1 И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі кітапханасын пайдалану ережесі «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау жөніндегі қағидаларына» сай (ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 19.01.2016 жылғы №44 бұйрығы) сәйкес әзірленген;
1.2 И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледж кітапханасы – колледждің оқыту-тәрбиелеу үрдісін, ғылыми-педагогикалық қызметін, сондай-ақ әкімшілік-шаруашылық жұмысын библиографиялық-ақпаратпен және әдебиеттермен қамтамасыз ететін мекеме;
1.3 Колледж кітапханасы – өз оқырмандарына қызмет көрсетуде, кітап қорын пайдалануда олардың мамандығы мен білім деңгейіне, жынысына, ұлтына, саяси пікірлеріне, т.б. шектеу қойылмайды;
1.4 Кітапхана қоры колледж қарамағында, сол арқылы мемлекеттік қорғауға алынған Қазақстан Республикасының меншігі болып табылады;
1.5 Ереже оқырманның кітапханамен арақатынасын реттейтін құжат және оқырмандарға қызмет көрсетуді ұйымдастырудың, кітап қорын пайдаланудың жалпы тәртібін, кітапхана мен оқырмандардың құқығы мен міндеттерін реттейді;
1.6 Кітапхананы пайдалану тегін. 

2. Негізгі міндеттері
2.1 Колледжде заманауи басқарушылық, ұйымдастырушылық жұмыстарын меңгерген, экономикалық тұрғыдан ойлай алатын, өз саласына қатысты жаңа технологияларды меңгерген, оқу орнының қоғамдық өміріне белсенді араласатын арнаулы білікті маман даярлауға көмек көрсету;
2.2 Колледждің профилі бойынша қажетті оқулықтар мен оқу-әдістемелік, ғылыми басылымдарды жинақтау, сақтау, оқырмандарға рухани байлық болар әдебиеттерді насихаттау.
3. Пайдаланудың жалпы ережелері
3.1 Кітапхананы пайдалану құқығы колледж оқушыларына, оқытушылық құрамына, ғылыми қызметкерлеріне, магистранттарына, техникалық қызметкерлеріне  беріледі.
3.2 Аймақтағы басқа мекемелер мен ұйымдардың мамандары мен ғылыми қызметкерлері, талапкерлер кітапхана қорын оқу залдарында пайдалану үшін уақытша 3 күнге беріледі;
3.3 Оқырмандар кітапханадан үйге уақытша қолдануға кітаптар, басқа да түрлі материалдар алуға, сондай-ақ белгіленген талапқа сәйкес жекелеген материалдарға тапсырыс беруге, олардың көшірмесін жасауға; библиографиялық, анықтама-ақпараттық және кітапхана көрсететін басқа да қызмет түрлерін пайдалануға; кітапхана ұсынатын техникалық құралдарды қолдануға құқылы;
3.4 Әдебиеттерді үйге беру абонементте жүзеге асады. Кітаптың соңғы немесе жалғыз данасы үйге берілмейді.
4. Оқырманның кітапханаға жазылуы
4.1  І-курс студенттеріне қыркүйекте оқырман билеттері беріледі, оқырман формуляры мен тіркеу карточкасы толтырылады;
4.2 Колледждің оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлер, жұмыскерлер, магистранттар және т.б. жеке куәліктері (немесе оның орнына жүретін басқа құжат) мен жұмыс орнының анықтамасын ұсынады;
4.3  Кітапханаға жазылар кезде оқырман кітапхананы пайдалану ережесімен танысып, оларды орындауға міндетіне алатынын растап, оқырман формулярына қол қояды;
4.4  Жыл сайын кітапхана өз оқырмандарын қайта тіркеуден өткізеді, оларға кітапхана белгілеген мерзімге берілген кітаптардың уақытын созады. Қайта тіркеуден өтпеген оқырмандарға кітапхана қызмет көрсетпейді;
4.5 Колледжден шығып кеткен кезде оқырман қолындағы барлық басылымдарды кітапханаға қайтарады;
4.6  Кітапты, басқа да басылымдарды алар кезде оқырман оны мұқият қарап шығып, ақаулары бар болса, кезекші кітапханашыны хабардар етеді, олай болмаған жағдайда кемшіліктің орнын кітапты соңғы пайдаланған оқырман толтырады;
4.7 Пайдалану ережесін бұзған немесе кітапханаға зиян келтірген оқырмандар қолданыстағы заңнамамен, кітапхананы пайдалану ережесімен белгіленген формада әкімшілік, материалдық немесе қылмыстық жауапқа тартылады;
4.8  Басылымға зиян келтірген немесе жоғалтқан оқырман оны дәл осындай басылыммен не оның көшірмесімен немесе кітапхана соған тең деп тапқан басқа да басылыммен ауыстырады, ал ауыстыра алмаған жағдайда басылымның нақты 3 еселенген нарықтық құнын төлейді. 
5. Абонементті пайдалану ережесі
5.1 Абонементті қолдану құқығы колледжде оқитын, жұмыс істейтін оқушылар мен оқытушылар, қызметкерлерге беріледі;
5.2 Кітаптар және басқа да құжаттар осы абонементте оқырман формулярының негізінде беріледі;
5.3  Абонементтегі кітаптар үйге келесі мерзімдерге беріледі:
5.3.1  Оқулықтар және оқу-әдістемелік әдебиеттер оқу процесінің сабақ кестесіне сәйкес бір немесе оқу семестріне беріледі, қажет деп тапқан жағдайда оқу жылының аяғына дейін мерзімді ұзартуға болады;
5.3.2   Ғылыми әдебиеттер  5-7 кітаптан 1 айға беріледі;
5.3.3   Көркем әдебиеттер 3-5 кітаптан 1 айға беріледі;
5.4  Кітапты пайдалану уақыты егер оған басқа оқырмандар тарапынан сұраныс болмаса, ұзартылады, ал егер керісінше, кітап сұранысқа ие болса, уақыты қысқартылады.
5.5 Топтық сабақтарда пайдалануға қажетті басылымдар (атластар, плакаттар, карталар, сызбалар және т.б.) оқытушының жазбаша талап етуімен оқытушы формулярына рәсімделіп, төлқұжаты алынады. Топтық сабаққа алынған әдебиетке оқытушы жауапты болады және сабақтан соң басылымдар кітапхана бөліміне қайта тапсырылады.
6. Оқу залдарын пайдалану ережесі
6.1  Оқырмандар оқу залдарының, анықтамалық-библиографиялық бөлімнің, мерзімдік басылымдар бөлімінің, электрондық оқулықтар залының қызметін пайдалануға құқылы;
6.2  Оқу залында әдебиеттерді пайдалану үшін оқушылар мен оқытушылар, қызметкерлер кітапханашыға оқырман билетін ұсынады;
6.3  Сирек кітаптар, құнды материалдар тек сол бөлім ішіне ғана беріледі;
6.4  Оқырмандар кітапханашының рұқсатымен ғана кітаптар мен мерзімдік басылымдарды оқу залынан көшірме жасату үшін шығара алады;
6.5 Оқу залындағы анықтамалар мен энциклопедиялар және құнды басылымдар көшірмеге берілмейді.
6.6   Электрондық оқулықтарды пайдаланғанда қажетті әдебиеттердің тізімін принтерден шығарып алуға болады, ал флэшка, дискет, CD, DVD қолдануға рұқсат етілмейді.
7. Электронды оқу  залын  пайдалану ережесі
7.1.Электронды оқу залында отырып жұмыс істеу бірыңғай оқырман билеті бойынша жүргізіледі. 
7.2. Интернет, электронды оқулықтар мен тасымалдағыштарды пайдалану кезінде кітапханашының кеңесіне жүгіне алады. 
7.3. Құжаттардың электронды үлгісін залда отырып пайдалана алады, электронды оқулықтар үйге берілмейді. 
7.4. Электронды оқу залында рұқсатсыз өз дискісімен жұмыс істеуге болмайды. 
7.5. Компьютерлерден, электронды бағдарламалардан ахау шыққан жағдайдакітапханашыға міндетті түрде айтуы тиіс. 
7.6 . Интернет жүйесін пайдалану;
7.7 .Ақпараттарды электрондық тасымалдау;
7.8. Электронды оқулықтармен және оқу құралдарымен жұмыс жасау;
7.9. Мәтіндік құжаттар мен презентацияларды дайындау және баспадан шығару;
7.10. Басылымдардың  көшірмесін жасау  және сканерден өткізу.
8. Оқырман құқығы
8.1  Кітапхананың барлық оқырмандары өзінің қызығушылығы мен талабына орай кітапхана бөлімдерін таңдауға құқылы;
8.2Оқырмандар  мемлекеттік ана тілінде, орыс және шет тілінде қызмет көрсетуді талап етуге құқылы;
8.3    Кітапхана оқырманы төмендегі қызметтерді пайдалануға құқылы:
8.4.1  Кітапханада кез келген мәселе бойынша басылымдардың қоры туралы мәлімет алуға;
8.5.2  Каталогтар, картотекалар мен оларды қолдану ережесі туралы ақпарат алуға;
8.6.3  Кітапхана қорынан басылымдарды уақытша қолдануға алуға;
8.7.4 Библиографиялық, анықтама-ақпараттық қызмет көрсетуді, дәстүрлі және электронды іздеу аппараттарын қолдануға;
8.8.5  Кітапхана қорына түскен жаңа басылымдар көрмесімен танысуға;
9. Оқырмандардың міндеттері мен жауапкершіліктері
9.1 Кітапхана оқырмандары кітапхананы пайдалану ережесін сақтауға міндетті;
9.2 Кітапхана қорынан алынған құжаттарға мұқият қарау, оларды белгіленген уақытта қайтару; кітап қорындағы басылымдарды кітапханашының рұқсатынсыз оқу залынан, анықтама-ақпараттық бөлімнен, электрондық оқулықтар бөлімінен шығармау, кітапқа ешқандай белгілер, сызулар түсірмеу, кітап беттерін бүктемеу, каталогтан кәртішкелерді шығармауға міндетті;
9.3Кітапхана бөлімдерінен әдебиеттерді алу үшін оқырман билетін ұсынуы тиіс, абонементтерде әр басылым үшін кітап формулярына оқырманның аты-жөні, алған мерзімі мен тобы  жазылады;
9.4Құжаттарды алу кезінде оқырман оларды мұқият қарап шығып, ақауы болса, кітапханашыны хабардар етуі қажет, ал кітапханашы оған сәйкесінше белгілер қояды;
9.5Кітапхананы пайдалану ережесін бұзған, оған зиян келтірген жағдайда оқырман құқығынан айрылады немесе қолданыстағы заңнамаға сәйкес материалдық жауапқа тартылады;
9.6 Кітапхананы пайдалану Ережесін бұзған оқырман кітапхана кеңесі белгілеген уақытқа оны пайдалану құқығынан айрылады. Ол құқықтан айыру мерзімі әр құқық бұзушылыққа жеке белгіленеді, алайда ол мерзім жарты жылдан аспауы керек;
9.7 Жыл сайын оқырман абонементте, оқу залында қайта тіркелуден өтуі керек. Қайта тіркелмеген оқырманға қызмет көрсетілмейді. Қайта тіркелу кезінде оқырман қарызын өтеп, қолындағы әдебиеттерді де қайта тіркейді. Қарыз оқырмандар қарыздарын өтегенше кітапхана қызметін пайдалана алмайды. 
9.8  Оқырман кітапхана залдарында тәртіп пен тыныштық сақтауы және ішкі тәртіп ережелеріне бағынуы керек;
9.9  Оқырманға рұқсат етілмейді:
9.9.1  Кітапханаға сыртқы киіммен кіруге;
9.10.2  Кітапхана бөлімдерінде тыныштық пен тәртіпті бұзуға;
9.11.3  Кітапхана бөлімдерінде ұялы телефон қолдануға;
9.12.4Кітапханадан қызметкердің тексеруінен өтпеген, өздері қол қоймаған басылымдарды алып шығуға;
9.13.5  Кітапхана басылымдарына (оларға белгі салуға, парақтарын жыртуға, жиектерін бүгуге т.б.) зиян келтіруге;
9.14.6Картотекалар мен каталогтардан кәртішкелерді шығарып алуға, белгі соғуға, каталогтағы кәртішкелердің орналасу тәртібін бұзуға;
9.15.7  Қызмет орындары мен кітап сақтау орындарына рұқсатсыз кіруге;
9.16.8 Тек арнаулы орындарда ғана темекі тартуға;
9.17.9 Оқу залына жеке және кітапхана кітаптарымен, газет – журналдармен, баспа туындыларының кесінділерімен, басқа да баспа материалдарымен кіруге рұқсат етілмейді. Сондай-ақ кескіш саймандармен, желім, портфель, көлемі 30х25 см үлкен емес сөмкемен, қалың полиэтиленді пакетпен, жүк және тамақпен кіруге болмайды;
9.18.10 Оқырман билетін басқа оқырманнан беріп жіберуіне және басқа оқырманның билетін пайдалануына тыйым салынады.
9.19.11 Кітапханадағы мебельдер мен техникалық құрал жабдықтарға ұқыптылықпен қарауға, аудиовизуалдық материалдар мен ақпараттық дәстүрлі және электронды таратқыштарды игеруге техникалық талаптарды сақтауға міндетті.
10. Кітапхана құқықтары
10.1 Кітапхана колледждің кітапхана туралы Ережесі мен кітапхананы пайдалану ережесіне сәйкес оқырманға қызмет көрсетеді;
10.2  Кітапхана құқылы:
10.2.1 Жоғары оқу орны кітапханасының мақсаты мен міндеттеріне сай кәсіптік қызмет мазмұнын өздері анықтауға;
10.2.2  Кадр мәселесін реттеуге;
10.2.3 Ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттар мен технологиялық нұсқаулықтарды бекітуге;
10.2.4 Кітапханадан алынған кітаптарды қайтарылуын тұрақты бақылауға алуға;
10.2.5 Кітапхананы пайдалану ережесін бұзған оқырмандарды оқырман құқығынан айыруға;
10.2.6 Кітапхананы пайдалану ережесіне сәйкес оқырманның келтірген зиянының орнын толтыру мақсатындағы басылымның нарықтық құнын белгілеуге және анықтауға;
10.2.7 Оқырмандарға көрсетілетін қызмет түрін кеңейту және егер оның негізгі қызметіне кедергі келтірмейтін болса, кітапхананы әлеуметтік-шығармашылық дамыту мақсатында шаруашылық және экономикалық қызметті жүзеге асыруға;
10.2.8Басылымдарды қолға беру мерзімін анықтауға;
10.2.9  Шетелдік, республикалық, қалалық кітапханалармен байланыс жасауға, олардан кітап алмасуға, кітапханалық және басқа да іс-шараларға қатысуға;
10.2.10  Қорды жинақтау көзін дербес анықтауға;
10.2.11  Өз қорынан қолданыстағы нормативті және құқықтық актілерге сәйкес құжаттарды есептен шығаруға.
10.3  Кітапхана міндетті:
10.3.1  Өз қызметінде гуманистік, саяси және идеологиялық бағыт ұстануға;
10.3.2   Оқырманға кітапхананың барлық қорын пайдалануға мүмкіндік беруге;
10.3.3 Кітапханада оқырман жұмыс істеуге қажетті жағдай жасауға;
10.3.4  Оқырманды барлық көрсетілетін қызмет түрімен таныстыруға;
10.3.5 Өз қоры мен көрсететін қызметін насихаттауға, кітапқа деген қызығушылықты ынталандыруға, кітапханаға барлық оқушылар мен қызметкерлерді тарту үшін шара қолдануға;
10.3.6  Оқырман талаптарын зерттеу және оны барынша қанағаттандыру;
10.3.7Кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсетуді, кітапты насихаттауды бұл мақсатта оқырмандармен жеке және жалпы жұмыстың түрлі формаларын қолдану, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізу арқылы жетілдіруге;
10.3.8  Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін, өзіндік жетілуге, білімге, кітап оқуға қызығушылығын тудыруға;
10.3.9Кітапханалық-библиографиялық білім негізінде әңгіме, ауызша кеңес беру арқылы оқырмандардың кітапханалық сауаттылығын, оқу мәдениетін көтеруге;
10.3.10 Өз кәсіби қызметі туралы колледж  Кеңесі және оқырмандар алдында есеп беруге;
10.3.11  Ұлттық мәдени байлықтың бір бөлігі болып табылатын кітап қорын сақтауға жауапты болуға, оқырмандарға берілген кітаптардың дер кезінде қайтарылуын қадағалауға, тек қолдағы қолданыс мерзімі аяқталған кітабын қайтарғаннан кейін оқырманға жаңадан кітап беруге;
10.3.12  Қолдағы кітабының қолданыс уақыты аяқталғаннан кейін оқырмандар барлық кітаптарын өткізуге және маусым-шілде айларында оқу процесі аяқталғаннан кейін оқушылар мен оқытушылар оқулықтарды түгел колледж кітапханасына тапсыру  талап етіледі. Егер оқырман оқу жылының соңында кітапты қайтармаса, қыркүйек айында сол оқырманға қызмет көрсетілмейді.
10.3.11Кітапхана қызметкері міндетті:
10.4. Белгіленген ҚР Білім және Ғылым министрлігі бекіткен ережелерге сәйкес кітапхана қорындағы басылымдарды сақтау, есепке алу және қордан есептен шығаруды жүзеге асыруға міндетті.
Ереже   2017 жылдың 13 қарашасында өткен  И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің  Педагогикалық кеңесінде қаралып, № 2 хаттама бойынша бекітілді.

Есте сақтар есті сөздер:
Кітапты ұқыпты ұстаңыздар, кітап – білімнің қайнар көзі.
Ұқыпты ұсталған кітаптың өмірі де ұзақ болады.
- Кітаптың парақтарын бүктеуге, жыртуға болмайды;
- Кітаптағы мәтіндерге белгі соғуға, сызуға болмайды;
- Кітаптағы суреттерді, сызбаларды, схемаларды бастыруға болмайды, парағы бүлінеді;
- Кітапты лас қолмен ұстамаңыз!
Сіздерден өтініш!
- Кітаптарды белгіленген мерзімде қайтарыңыз, оны сіздің курстастарыңыз асыға күтуде, ал өте қажет болған жағдайда оқу жылының аяғына дейін пайдалану мерзімін ұзартыңыз;
- Кітапхана қызметкерінің рұқсатынсыз өздерін қол қоймаған басылымдарды абонементтен, оқу залдарынан алып шықпаңыз;
- Пайдаланылған барлық кітапхана басылымдарын тәртіп бойынша әр оқу жылының аяғында міндетті түрде тапсырыңыз;
- Бітіріп кетерде немесе жазғы демалысқа кете кітапхана басылымдарын түгел өткізіп, өзіңіздің кету туралы парағыңызды толтырыңыз.
Кітапхананың кітап қоры – ұлттық мәдени мұраның бір бөлігі, оны сақтау әрбір азаматтың парызы.
15 қараша 2017 ж. 0 0