» » » Кітапхана жаңалықтары

Кітапхана жаңалықтары

ҚР Тұңғыш Президенті  «Мақтан тұтар ұлы тұлға» атты кітап көрмесі


   “Мәңгілік Ел – Менің Елім” 2015- Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай  кездесу кеші 


Н.Ә.Назарбаевтың «Ой бөлістім  халқыммен » кітабына арналған оқырмандар конференциясы 
Елін сүйген, елі сүйген Сыр перзенті” Асқар Тоқмағамбетовтың 110- жылдығына орай әдеби кеш


«Кел жастар оқылық» жобасы 
“Нұр Отан” партиясы “Жас Отан” Жастар Қанаты  И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда  аграрлық- техникалық  колледжіндегібастауыш бөлімшесімен бірлесе өткізілген шара : «Жас Отан» ЖҚ «Кел жастар оқылық» жобасы





“Ұлысқа мейір, туысқа мерей төккен Наурыз” атты мерекелік кеш

«Мәдени мұра – ұлттық  құндылық» «Сырдария кітапханасы» тұрақты кітап көрмелері


Ақын, жыр дүлділі Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына орай «Жыраудан қалған жаухар сөз» әдеби кеш



«Теңіздей тебіренген талант» қазақтың қайсар ақыны,жазушы З.Шүкіровтың  - 90 жылдығына орай әдеби кеш

ҚР Тәуелсіздігінің25 жылдығына  орай «Қазақстан – бірлік пен татулық мекені» аты кеңейтілген кітап көрмесіне библиографиялық шолу




«Тілдерді меңгеру - жарқын болашақтың бағдаршамы» атты  ҚР Мемлекеттік тілдер мерекесіне орай дөңгелек  үстел

«Колледж кітапханасындағы кәсіптік тәжірбие өткізуге қажетті оқулықтармен жұмыс жасауды ұйымдастыру»тақырыбында  жас оқытушылармен семинар

“Кәсіпқор”холдингкоммерциялық емес АҚ серіктес мекеменің “Шетелдік оқулықтар мен Типтік бағдарлама жүйесінде оқу  – әдістемелік  әдебиеттерді аудару  және бейімдеу қызметтері “ мемлекеттік  тапсырмасы аясында шетелдік оқулықтардың орыс қазақ тіліндегі оқулықтармен қамтамасыз етілуі

Тұрақты кітап көрмелері 


Президент жолдауы - ел болашағы

Сыр елім  - туған жерім тарихым

Жемқорлық - ғасыр дерті.

   






















Қазақстанның мәңгілік жері – Ұлы Дала Елі! атты дөңгелек үстел өтті, кітап көрмесі ұйымдастырылды  

Мақсаты:  Оқушыларға қазақ халқының Тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар  бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп,  осы қиын жылдары елдің азаттығын, еркіндікті аңсаған ата-бабамыз туралы және қазақ елінің өткені, бүгіні, болашағы жайлы дәріптеу. Тәуелсіз Қазақстанның 25 жыл ішіндегі қол жеткен жетістіктерімен таныстыру.Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.  Өткен жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз ұлы даланың ұрпағымыз. Бұл даланы ата-бабамыз бізге қалдыру үшін қанын төгіп қорғаған. "Қазақстан" деген атаумен қатар, "Ұлы Дала елі" атауы да қолданылса дұрыс болады» деген еді. Қалың қазақтың ыстық ықыласына бөленген ұсыныс қолдау тапқаны да белгілі. Ал, бүгінде біздің мақсатымыз ел Президентінің сындарлы саясатын қолдай отырып, «Ұлы Дала елін» жастар арасында насихаттау, Егемендігімізді тұғырлы ету». Осы тақырып төңірегінде  «Мәңгілік Ел – Ұлы Дала елі», «Жаңа Қазақстан –Жаңа білім жолында», «Рухани жаңғыру –ұлттың ұлы мұраты», «Латын әліпбиі – тарихи таңдау», « «Қазақстан тарихындағы белесті кезеңдер - Тәуелсіздік жетістіктері»,тақырыптарына кітап көрмесі жасалып таныстырылды.

 













 









































2018 жылдың 13 қараша күні И.Әбдікәрімов атындағы Қызылордааграрлық  техникалық жоғары колледж кітапханасының ұйымдастырылуымен және топ жетекшісі Қарақұл М. ПДС-170 оқу тобымен бірлесе колледж кітапханасында Қазақ халқының батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасына арналған, «Қазақтың қарапайым бір ұлымын, жанымды арым үшін құрбан еткен» оқырмандар конференциясы өтті. 2018 жылы  ҚР  Ұлттықакадемиялық   кітапханасының  жылсайынғы Республикалық  «Бір ел бір кітап»  акциясының  қорытындысыбойынша  жыл таңдауы  үшбірдей  ақын-жазушыларының  еңбектерітаңдалған болатын. Соның  бірі қазақтың  рухани  мәдениетінезор  үлес  қосқанойшыл  Шәкәрім Құдайбердіұлы  шығармашылығы,  атыаңызға  айналған,  Қазақхалқының  батыры,  Халыққаhарманы   Бауыржан  Момышұлының «Ұшқан  ұя» шығармасына   жәнеНемат  Келімбетовтың  «Үміт үзгім келмейді» туындылары  бойыншатаңдап   алынды. Акцияның  мақсаты-  жастарды  патриоттыққажәне адамгершілікке  тәрбиелеуге, ана тілге   мұқият  қарауға,оқу мәдениетін   қолдау   жәнедамыту  мен сауаттылықбағдарламасын  артттыруға, рухани мұраны  сақтауға  жәнеоқуға  деген  жәрдемдесуболып  табылады. Осы жоба аясында «Қазақ әдебиетінің тұлғалары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрменің мақсаты: ел еркіндігін, бостандығын, тәуелсіздігін қанымен қорғаған Бауыржан Момышұлы сынды тұлғаны оқушыларға үлгі, өнеге ете отырып және ғұлама ойшыл,аудармашы Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығына   жазушы, профессор Н.Келімбетовтың туындыларына насихаттау мақсатында, әрбір шығарманың мазмұнын білуге және оқырмандардың ой-пікірлерін, ақыл – ойларын,тіл байлықтарын дамытуға, көркем шығарманы оқуға қоғамның назарын аудару, оқу мәдениетін дамыту және кітап арқылы келешек ұрпақ санасына  ұлттық құндылықтарымызды сіңіру, жек тұлға етіп қалыптастыру, кітап қорындағы көркем әдеби шығармаларды насихатау мақсатында.

 




















«Дара тұлға, дана тұлға - Елбасы»

1-Желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай  И.Әбдікәрімов атындағы Қызылода аграрлық техникалық жоғары колледж  кітапханасында "Дара тұлға, дана тұлға - Елбасы" атты кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

Кітап көрменің мақсаты: Қазақстан халқының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру, еңбек жолының басталуы туралы , қоғамда еліміздің Тұңғыш президенті – елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мемлекетін құрудағы тарихи рөлін, тәуелсіз мемлекет құрудағы еңбегін өскелең ұрпаққа таныстыру, еліне деген патриоттық сезімдерін ояту, ұлтжандылыққа, халқын сүюге, білімділікке  тәрбиелеу. 

Көрме бірнеше кезеңдерден тұрады:

Елбасының өмірбаяны,отбасы және балалық шағы.

Ерік күші мықты саясаткер.

Еңбектері мен кітаптары.

Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, егемендік алғанына  биыл жиырма жеті жыл толды. Осы уақыт аралығында Қазақстан  барша әлемге танылды, мәдениетіміз, өнеріміз, экономикамыз, білім мен ғылымымызбен өркениетті мемлекет қатарына қосылды. Бұл- бабаларымыздан келе жатқан ұлы арман, тәуелсіздігімізді орнату жолындағы қиын белестерден халқын аман алып өтіп, тарих төрінен өзіндік қолтаңбасымен көрінген Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың салиқалы саясаты мен сауатты басқаруының нәтижесі. Біздің Елбасымыз - өзінің білім - білігімен, тәжірибесімен, парасатты саясатымен ,түрлі этнос өкілдері кіретін халықты қазақ жерінде бірлік пен ынтымақтастықты ұстап, береке тұнған құтты мекенге айналдырды. Отанын байлыққа кенелтіп, гүлденуі үшін елімізді алға бастаған ұлы көшбасшы. Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен әлем мойындаған, жаһанға аты жеткен мемлекетке айналды. Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы, осы жолдағы не қилы тар жол, тайғақ кешуді халқымен бірге өтіп, қиыншылықтарын бөліскен, бүгінде әлем мойындап отырған жаңа мемлекет. «Өмірде жүзеге асқан Еуразиялық жобасы» жаңа қала Астананы тұрғызған, қазіргі елді индустрияландырудың жаңа жобасын өмірге келтіріп, болашаққа бағыттап бара жатқан ұлы тұлға, төрт құбыланы түгендеп, кемел ойлы кемеңгер, ата-бабаларымыздың жолымен жүрген, қасиет дарыған қайраткер. Көрмеде «Еуразия жүрегінде»,«Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы», «Ұлы адам туралы ұлағатты кітап»,«Тәуелсіздігіміздің ақ таңымен бірге  Қазақстанға 25» атты т.б. кітаптары, сонымен қатар көптеген жазылған еңбектері қойылды және президент туралы жазған авторлардың кітаптары   ұсынылды.

Бұл шара көпшілік оқырмандар үшін ұлт көшбасшысы жайлы мол мағлұмат алып, Президент жұмысымен жақынырақ танысуға таптырмас мүмкіндік болды.

 




















28 қараша 2017 ж. 0 0