» » » Кітапхана туралы

Кітапхана туралы

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылода аграрлық техникалық колледжі  –Қазақстан  Республикасы   министрлер кабинетінің  1997 жылғы 8 мамырдағы  №814 қаулысымен  Қызылорда ауылшаруашылық, политехникалық  және теміржол колледждерін  біріктіруарқылы  кайта  құрылды. 2003 жылы  ҚазақстанРеспуликасы  үкіметінің  қаулысыменҚызылода  аграрлық  техникалықколледжіне қоғам  қайраткері, Социалистік  Еңбек  Ері , соғысжәне еңбек ардагері, техникумтүлегі Исатай Әбдікәрімовтыңесімі берілді.  1997  жылдан бастапагротехникалық  колледж  кітапханасыжұмыс жасайды. «Кітап әлемі адамды арман биігіне самғатады, ақыл – ой әлеміне шарлатады» демекші , артық білім – кітапта екені көзі қарақты оқырманға белгілі. Адамзаттың қасиет тұтар ең үлкен қазынасы – кітап  десек артық айтқандық болмас. Ақпарат құралдары дамыған , жаңа технологиялар заманында өмір сүрсек  те кітап қашанда адамның рухани азығы болып қала береді.Бүгінгі ақпараттықтехнологиялар заманында жастардың өскелең талабын қанағаттандыруда, рухани байлығын дамытуда мәдениет пен білім ордасы- кітапханалардың  атқаратын ролі ұшан –теңіз.Кітапхана – білім мен мәдениеттің қайнар көзі. Кітаптың өзі тұнып тұрған сыр. Колледж кітапханасы сапалы білімнің сенімді кепілі және көп салалы кітап қорымен оқу- тәрбие үрдістері мен ғылыми ізденістерді қажетті ақпарат құжаттарымен қамтамасыз етуші, білім беру орталығы болып саналады. Соңғы жылдары қызмет түрлері  жанданып қана қоймай, қарқындап дамып келе жатқан И.Әбдікәрімов атындағы  Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледж кітапханасы Интернет желісіне қосылу арқылы басқа да кітапханалармен тығыз байланыс жасайды. Оқырмандардың кітапханада жоқ ақпарат  көздеріне деген сұранысын Интернет желісі бойынша қамтамасыз етудің маңызы зор екендігі белгілі. Қазіргі таңда колледж кітапхасында электронды оқу залы жұмыс жасайды интернет желісіне қосылған. 6 компьютермен,1 сканер , принтермен жабдықталған. Колледж кітапханасы шәкірттерге сапалы білім беруде, тәрбиелік шараларды өткізуде оқытушылардың бірден –бір сенімді серігіне айналып отыр. Қазіргі таңда кітапхана қорында111058 дана кітап қоры бар. Оның ішінде жалпы техникалық пән оқулықтары 72432дана, көркем әдебиеттер 11329 дана, жалпы білімдік пән оқулықтары  24254 дана, оқу әдістемелік құралдар 3043 дана.  Оқырмандарға абонемент, оқу залы және электронды оқу залы қызмет көрсетеді. 124 электрондық оқулықтары бар. Колледж кітапханасы Автоматтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйе «РАБИС» бағдарламасы  бойынша жұмыс жасайды. Интернетке шығу арқылы студенттердің компьютерлік сауаттылығы, ақпаратпен жұмысқа дайындығы жетілдіруде. Әсіресе күнделікті оқу үрдісіндегі зертханалық жұмыстар, реферат, курстық жұмыстар, диплом жазу кезінде студенттерге берері мол.
01 наурыз 2017 ж. 0 0