» » » Кітапхана құрылымы

Кітапхана құрылымы

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледж кітапханасының материалдық техникалық базасы

Колледж кітапханасы колледж ғимаратының бірінші қабатында орналасқан. Кітапхананың жалпы аумағы 381,00 шаршы метр  . Оның ішінде:
  • Абонемент – 95 шаршы метр
  • Оқу залы  және   Электронды оқу залы – 256 шаршы метр 
  • Регистр – 30 шаршы метр
  • Электронды оқу залындағы Интернет желісіне қосылған компьютер саны -  16
Оқырмандардың  оқу залы – 60 орындық . Бас оқу залының көркемдігі мен жайлылығы шығармашылық жұмыспен айналысуға қолайлы жағдай туғызады, мұнда оқытушылар мен студенттер кітап қорын толық пайдалануға мүмкіндігі бар. Оқу залында барлық сала бойынша басылымдар жинақталған. Оқу әдебиеттері тек қана оқу залында пайдалануға болады. 
Кітапхананың кітап қоры – 111058 дананы құрайды. Олардың ішінде: арнайы пәндер бойынша әдебиеттер –72432 дана, жалпы білім беретін пәндерден - 24254 дана, оқу әдістемелік әдебиеттер – 3043 дана, көркем әдебиет -113289дана. Бір оқушыға есептегенде 53 данадан келеді.
Оқу, оқу әдістемелік әдебиеттерді пайызбен есептегенде 87%, әдеби кітаптар 10%, газет-журналдар 3% құрайды.     

 
Кітапханадағы каталогтар:
  • Әліпбилік каталог (Алфавит бойынша жұмыс жүргізіледі)
  • Жүйелілік каталог (Техникалық оқулықтардың алфавит бойынша орналасуы)
  • Тақырыптық каталог (Баспасөз материалдарымен толықтырылып, жұмыс жүргізіледі)     
Регистр
Регистр – 30 шаршы метр
         Оқу залының кітаптары мен негізгі құжаттар осы бөлімде сақталады:
  • Инвентарлық кітап
  • Оқырмандар формулярлары
  • Кітапхана бойынша ережелер
  • Кітапхананың жұмыс жоспарлары
  • Кітаптарды және мерзімді басылымдарды есептен шығару
  • Келген, кеткен хаттар
  • Тауар құжаттамасы
  • Электронды оқулықтар мен альбомдар т.б.
Электронды оқу залы 
Пайдаланушыларға сапалы ақпаратттық – кітапханалық қызмет көрсету үшін электронды оқу залында – Интернет ақпаратттық ресурстармен, электрондық оқулықтармен қамтамасыз етілген. Электронды оқу залында Интернет желісіне қосылған. Электронды оқу залы - 16 орынға  арналған 16 компьтерьмен, 1 сканер,1 ксерокс принтермен жабдықталған. \

Абонемент
Абонемент – 95 шаршы метр
Абонемент оқытушылар мен оқушыларға, қызметкерлерге қызмет көрсетеді.
Кітап қоры бірнеше бөлімдерден тұрады:
  • Жалпы техникалық арнайы пән оқулықтары
  • Жалпы білімдік пәндер оқулықтары
  • Әдістемелік құралдар
  • Көркем әдебиет
Абонементте оқу әдебиеттер үйге беріледі, пайдаланушыларды кітапханаға бірінші жазылу үшін жеке куәлік және 3х4 өлшемді екі фото суреті бойынша жүргізіледі, оқырман формуляры толтырылады. Оқырмандарға оқулықтарды кітапханадан тыс жерлерде пайдалану үшін оқулықтармен, оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етеді.
01 наурыз 2017 ж. 0 0